Жетісу облысы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат
(12.04.2024 жылғы жағдай бойынша)
2024 жылғы 01 сәуірдегі жағдайына облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 30 345 адамды құрайды (оның ішінде: халықтың әлеуметтік осал топтары – 12 991 адам, мемлекеттік сектор қызметкерлері - 8741 адам, жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 3094 адам, көп балалы аналар - 5401, мүгедектер мен соғыс ардагерлері – 5 адам, сондай-ақ тұрғын үйі апатты деп танылған 113 адам).
2023 жылы барлық бағыттар бойынша 1387 отбасы тұрғын үймен қамтылды (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй –656, демеушілер тарапынан-207, авариялық КҚТҮ тұрғындарына үйлер – 137, «Жетісу жастары» -31, ХӘӘТ үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу – 356), оның ішінде 382 көпбалалы, 462 әлеуметтік осал отбасы және 114 жетім балалар және т.б. (Алакөл – 139, Ескелді – 77, Қаратал -37, Көксу -40, Сарқан-44, Талдықорған – 572, Кербұлақ – 17, Панфилов -185, Текелі – 192, Ақсу -84). Сондай-ақ, 94 азаматқа 121,5 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаты ұсынылды.
2024 жылы Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 3493 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй - 684, "Кредиттік тұрғын үйлер" - 1802, "Жетісу жастары" - 50, «Жерұйық» - 66, авариялық КҚТҮ тұрғындарына үйлер сатып алу -95, ХӘӘТ үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу – 236, демеушілер есебінен - 560), оның ішінде 500 көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар қамтылады.
Ағымдағы жылы 41 азамат тұрғын үймен қамтылды (Ақсу ауданы-10, Талдықорған қ. -31).
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен тұрғын үй бағдарламасы қатысушылары үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға 443,0 млн.теңге қарастырылып, ағымдағы жылы 18,7 млн.теңгеге 18 азаматқа тұрғын үй сертификаты ұсынылды. (Наурыз айында жергілікті бюджеттен Талдықорған қаласы бойынша қосымша 140,0 млн.теңге қаржы бөлінді).
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында «Отбасы банк» АҚ жалдау төлемдерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді жүзеге асыру үшін 25,5 млн.теңге қаржыға 232 азаматпен тұрғын үйді жалға алу шарты жасалды.
Төлемдерді тағайындау ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын табысы бар 4 санаттағы кезектегілер (1,2-топ мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар) қамтылады.
2024 жылға жалдау ақысын субсидиялауға 100,0 млн. теңге қарастырылып, «Отбасы банк» АҚ келісім шарт жасалды. Барлығы 74 азаматқа 3,4 млн.теңгеге тұрғын үйді жалға алу шарты жасалды.