«Жетісу облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің газдандыру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1) облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында газдандыру саласында мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру.
2) республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық жобалар бойынша бюджет комиссиясының отырысына қажетті құжаттарды әзірлеу және өткізу.
5.Фукциялары:
1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағынастағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделі жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асыру;
2) сондай-ақ, бюджеттік инсвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
3) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газдандыру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және бекіту үшін ұсыну;
4) облыс бойынша газдандыру саласындағы іске асырылып жатқан жобалардың құрылысына бөлінген қаржы игерілімін қадағалау
5) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
6) облыс елді мекендерін орталықтандырылған табиғи газға қол жеткізуді бағытында жұмыс атқару;
7) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
8) газдандыру бойынша барлық жобаларды құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды әзірлеу;
9) аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе облыстық мәслихат отырысына бюджеттік өтінім әзірлеу және өткізу;
10) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың өнім берушілерімен, орындаушыларымен жасалынатын келісім-шарттардың, қосымша келісімдердің жобаларын әзірлеу;
11) жобаларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттарға сәйкес қаржыландыру жоспарларын әзірлеу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда және тәртіппен облыстық коммуналдық мүлікті Республикалық, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдау үшін ұсыну;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) облыстың заңды және тұлғаларынан газдандыру салаларына байланысты ақпараттарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке-дара жауап береді;
2) бөлім қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) бөлім қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлім құрылымын жетілдіру, мамандарды лауазымға тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
4) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, оның құзыретіне кіретін басқарма басшыларының тапсырламалары бойынша басқа да міндеттерді орындайды.
Газдандыру
бөлімінің басшысы А. Бейсбаев