«Жетісу облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы
Ереже
негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары
1) тұрғын үй құқықтық қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға Кезекте тұрғандардың мониторингі, «Республикалық электрондық үкімет шлюзі» ақпараттық жүйесін (ЭҮӨШ АЖ) енгізу;
3) облыстың тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру;
4) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекцияларының жұмысына мониторинг жүргізу;
5) тұрғын үй сертификаттарына бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу;
6) аудандық, қалалық ТКШ бөлімдерімен, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірлесіп тұрғын үй саласында кондоминиум объектілерін басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету, атқарылған жұмыстарды зерделеу, осы бағытта оң нәтижелерді тарату және халықпен семинарлар өткізу;
7) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
8) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша іс – шараларына мониторинг жүргізу;
9) стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша мониторингті жүзеге асыру;
10) қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
11) тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды, сақтауды, әкетуді, көмуді және қайта өңдеуді жүзеге асыруды ұйымдастыратын қалдықтарды орналастыру жөніндегі объектілердің қызметін үйлестіру және бақылау;
12) объектілерде қайталама тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуды, орналастыруды және қайта өңдеуді басқару жүйесіне талдау жүргізу және жетілдіру;
13) қалдықтарды жою және орналастыру бойынша объектілер құрылысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
14) «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалар» әзірлеу және бекітуге ұсыну;
15) қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы нормативтік актілер мен қағидаларды әзірлеу және бекітуге ұсыну;
16) облыстың елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау және енгізу;
17) облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі-күзгі жұмыстарды жүргізу барысы туралы облыс әкімінің қаулыларын дайындау және іске асыру, іс-шаралар кестесін бекіту, жалпы облыстық санитарлық күнді жариялау және өткізу;
18) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсыну;
19) облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстардың жүргізілуіне мониторинг жүргізу;
20) елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі-күзгі жұмыстарды өткізу бойынша облыстық деңгейдегі штабтық кеңестер өткізу;
21) облыстың елді мекендерін абаттандыру қағидаларында айқындалған уәкілетті органның функцияларын орындау;
22) «Жетісу облысы бойынша коммуналдық қызмет көрсету ережесін» әзірлеу және бекітуге ұсыну;
23) «Жетісу облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын» әзірлеу және бекітуге ұсыну;
24) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
25) бөлімнің құзыретіне байланысты абаттандыру, санитарлық тазалау саласында бюджеттік өтінімдерді жасау, жоспарлау және ұсыну;
26) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жергілікті бюджеттен бөлінген бюджеттік қаражаттардың ай сайын және уақытылы игерілуін бақылау; 27) бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша жоспар әзірлеу;
28) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне шолу жүргізу, облыстық деңгейдегі нормативтік актілерді бекітетін органға әзірлеу және ұсыну;
29) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;
30) жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік - инвестициялық жобалар (жобалау–сметалық құжаттама) бойынша құжаттаманы қарау және бекіту;
31) коммуналдық инженерлік инфрақұрылымды коммуналдық меншікке қабылдау – өткізіп беруді жүзеге асыруға қатысу, оларды пайдалану және күтіп ұстау бойынша құрылымдарды ұйымдастыру және құру;
32) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын барлық жобалар бойынша республикалық бюджет комиссиясының отырысына қажетті құжаттарды дайындау және ұсыну;
33) облыстық мәслихаттың отырысына аудандар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп бюджеттік өтінімдерді дайындау және ұсыну;
34) облыстың елді мекендерін абаттандыру жобаларын іске асыруға қаржыландыру жоспарын дайындау;
35) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыс берушілермен, орындаушылармен жасалатын шарттардың, қосымша келісімдердің жобаларын дайындау;
36) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді дайындау және орналастыру, ашық бюджеттердің порталында орналастыру, одан әрі ашық бюджеттердің порталында жұмыс істеу
37) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту үшін ұсыну;
38) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттің жоспарларын, нысаналы бағдарламалары мен іс-шараларын әзірлеу және іске асыру.
1) бөлімнің қаралатын мәселелеріне қатысты құжаттар мен материалдарды Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
2) басқарманың қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу;
3) басшылықтың тапсырмасы бойынша немесе оның қатысуымен ведомстволық, нормативтік актілерді әзірлеуге, сондай-ақ Басқармаға келісуге немесе кері қайтарып алуға, көрсетілген құжаттардың жобалары бойынша қорытындылар шығаруға қатысу;
4) облыстың жеке және заңды тұлғаларынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ақпаратты сұрау және алу;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсету, елді мекендердегі ескірген, сондай-ақ ескірген тұрғын үйлерді бұзу, коммуналдық қызметтерді жеткізу жөніндегі жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және облыс әкімдігі мен мәслихатына енгізу;
6) басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;
2) бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөлуді, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) бөлімнің қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлімнің құрылымын жетілдіру, мамандарды қызметке тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық бөлімінің
басшысы Д. Нигматулина