Конкурс

Бос орынға конкурс жариялау туралы хабарлама

 

           «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «ЖетісуГазСервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры лауазымына конкурс жариялайды.  Конкурс 2023 жылдың 08 ақпанында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26,         5 қабат, 502 кабинетте өтеді.           

          Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау орны: Талдықорған қ. Қабанбай батыр көшесі, 26, 5 қабат, 505 кабинет, тел: 32-96-64, E-mail: goz.kz@mail.ru., 2023 жылдың 19 қаңтарынан 02 ақпанын қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.

 Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік басқару саясатын іске асыру, облыстың елді мекендерінің шегіндегі (шектері) жоспарларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге, қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу.

          

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары   білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес

басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі

не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының

тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша Жаңартылған денсаулық жағдайы туралы анықтама.

         Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Объявление о проведении конкурса на вакантную должность
Дата публикации
18 января 2023