Размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по области Жетісу

Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен

оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасынасәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу облыстық мәслихатының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Жетісу облыстық

     мәслихатының хатшысы                                                  Г.Тойлыбаева

 

Размер м перечень категорий получателей жилищных сертификатов по области Жетісу
Дата публикации
12 октября 2022