
Бөлім мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің арасында өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; қаржы-шаруашылық қызметті есепке алуды ұйымдастыру, басқарма меншігінің сақталуын, ақшалай қаражатты және материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын қадағалау, бюджеттік қаражатты қатаң үнемдеу режимін сақтау; мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу; мемлекеттік сатып алу жұмыстарын үйлестіру; мемлекеттік сатып алу бойынша есептерінің уақытылы дайындалуын, берілуін, жолдануын қамтамасыз ету; бюджеттік мекемелерден, аудан және қала әкімдіктерінен келіп түскен хаттарға жауап беру жұмыстарын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардың бөлім құзырына қатысты сұрақтарына жауап беру; Қазақстан Республикасының барлық соттарында, сонымен қатар басқа органдарда құқықтық сұрақтар қарастырылғанда бекітілген заңды тәртіпте басқарманың мемлекеттік мүддесін қорғау.
