
Облыста жылыту маусымының дайындығы мен өтуіне бақылауды жүзеге асырады және дизель отынының саны мен босатылуына тұрақты бақылау жүргізеді, күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық ақпаратты дайындайды. сондай-ақ, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау саласындағы жобаларды әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындау.
|
Энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар мен жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады – ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және "электр энергетикасы туралы" ҚР Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің ҚР Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан. Мысалы: 2025 жылы облыста бір энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілерінде авариялық ажыратулар жиі орын алды. Тұтынушылардан шағымдар түскеннен кейін Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында: 1. электр желілерінің тозуының жоғары деңгейі; 2. жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізбеу; 3. жекелеген қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы бойынша білімдерін тексеруден өтпеуі. Нәтижесінде: 1. ұйымға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді; 2. жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды; 3. қауіпті учаскелерде жедел жөндеу жұмыстары жүргізілді; 4. білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмыстан уақытша шеттетіледі. Қабылданған шаралардан кейін: 1. электрмен жабдықтау сенімділігі артты; 2. апаттар саны азайды; 3. тұтынушылар тарапынан шағымдар саны азайды. |