Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Газбен жабдықтау

Облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында газдандыру саласында мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру. Сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық жобалар бойынша бюджет комиссиясының отырысына қажетті құжаттарды әзірлеу және өткізу.

Документы
Ақпарат
07 октября 2026
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2026 жылдың III тоқсанындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Есеп
10 июля 2026
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2026 жылдың II тоқсанындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Тізбе
05 мая 2026
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізімі
Новости
Полезные материалы
Газбен жабдықтау
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Газдандыру бөлімі
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Тұтынушыларды газ желілеріне қосу бойынша қадамдық нұқаулық қандай?

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес газбен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі мынадай:

- газ тарату ұйымынан газ желілеріне қосуға техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) алу;

- берілген техникалық шарттар негізінде жобаны әзірлеу;

- құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

- объектіні қабылдау және газбен жабдықтау желілеріне қосу.

ТШ алу

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)
12-бабының 4-тармағына сәйкес газ тарату жүйесіне қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы береді.

Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 261-тармағына сәйкес ТШ алу үшін тұтынушыларға 4 құжат ұсыну қажет болды.

Бұл ретте ТШ тегін берілетінін атап өту қажет.

Жобаны әзірлеу

Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес берілген ТШ газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады..

Тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жобалауға арналған рұқсат құжаттары бар кез келген жобалау ұйымымен шарт жасасуға құқылы.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары және газбен жабдықтау желілеріне қосылу

Тұрғын үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
18 сәуірдегі №26 бұйрығымен бекітілген көрсетілетін қызметтердің реттелетін түрлеріне жатпайды.

Осыған байланысты, тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес рұқсат беру құжаттары бар кез келген ұйыммен шарт жасай алады.

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес газ тарату ұйымдары газбен жабдықтау желілеріне қосуға ТШ береді және орындалған жұмыстардың ТШ-ға сәйкестігін тексереді.

Бүгінгі таңда ҚТГА объектінің қосылуға дайындығына тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі 14-тен 9-ға дейін қысқартылды.

Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүзеге асырады?

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 30-бабы
2-тармағына сәйкес газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізу (газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу) «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 72-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлға жүзеге асырады.

Осылайша, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аттестаттаған заңды тұлғалар жүргізе алады.

Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет?

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 146-бабының 4-тармағына сәйкес, шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі) бекітеді.

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы