
Диас Сержанұлы Досмұханов 1995 жылы туған, білімі жоғары. Жоғарғы оқу орындарын электр энергетикасы және құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ-да құрал-жабдықтарды жөндеу цехының, найзағайдан қорғау және диагностика қызметінің төртінші разрядты электр жөндеушісі болып бастаған.
Кейін, 2018-2025 жылдар аралығында Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының статистигі, жетекші маманы, бас маманы, энергетика бөлімінің басшысы, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы, Жетісу облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
2025 жылдың сәуір айынан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.