2026 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТЫ

"Е-өтініш" жүйесі бойынша 2026 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 136 өтініші келіп түсті, оның ішінде 39 - құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.

Басқарманың өзі 97өтініш пен сұрау салуды қарады:

- 26 өтініш бойынша қолайлы актілер қабылданды;

- 3 өтініш бойынша ауыртпалық актілер қабылданды, бірақ олардың шешімі бойынша түсіндірмелер берілді;

- 56 сауалға уақытылы жауаптар берілді;

- 12 өтініш жұмыста.

 

"Documentolog" жүйесі бойынша ЖАО-дан, министрліктерден және қадағалау-бақылау органдарынан 319 хат келіп түсті, олардың нәтижелері бойынша 22 нысанға 22 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 65 әкімшілік материал қаралды. Сондай-ақ, Басқарманын өзі 19 нысынға жоспардан тыс 19 тексеру тағайындады.

14 013 000,00 сомасына 15 жеке және 38 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 7 жеке құрылыс салушы және 1 лауазамды тұлға, 45 лицензиат.

Соттарға 5 әкімшілік материал жіберілді, оның ішінде 4 материал қаралды, 1 қаралуда.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы 146 хабарлама қабылданды. Облыс аумағында салынып жатқан нысандар тізілімінде бюджеттік 489 нысан және коммерциялық  701 нысан көрсетілген.

Облыс аумағында заңсыз құрылыстар жоқ.

2026 жылдың І тоқсаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына – 13, жобалау қызметі - 2 және іздестіру қызметіне - 1 лицензиялар берілді және қайта рәсімделді.

Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға – 64 аттестат берілді, 18 өтініш иесі аттестатталмады, ал 9 тестілеуге жіберілмеді.

2026 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТЫ
Дата публикации
06 апреля 2026