"Е-өтініш" жүйесі бойынша 2025 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 333 өтініші келіп түсті, оның ішінде 75 - құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. Басқарманың өзі 258 өтініш пен сұрау салуды қарады:
- 64 өтініш бойынша қолайлы актілер қабылданды;
- 23 өтініш бойынша ауыртпалық актілер қабылданды, бірақ олардың шешімі бойынша түсіндірмелер берілді;
- 160 сауалға уақытылы жауаптар берілді;
- 11 өтініш жұмыста.
"Documentolog" жүйесі бойынша ЖАО-дан, министрліктерден және қадағалау-бақылау органдарынан 789 хат келіп түсті, олардың нәтижелері бойынша 65 нысанға 74 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 81 әкімшілік материал қаралды.
13 514 284,00 сомасына 21 жеке және 22 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 11 мердігер және 3 жобалау ұйымы, 18 тапсырыс беруші, 4 лаузамды тұлға, 4 техникалық және 2 авторлық қадағалаушы тұлға және 1 жобаларды сараптау жөніндегі сарапшы.
Жылдың басынан соттарға 20 әкімшілік материал жіберілді. Оның 20 шешім шығарылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы 796 хабарлама қабылданды. Облыс аумағында салынып жатқан нысандар тізілімінде бюджеттік 563 нысан және коммерциялық 707 нысан көрсетілген.
Облыс аумағында заңсыз құрылыстар жоқ.
2025 жылдың 9 айы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына – 43, жобалау қызметі - 15 және іздестіру қызметіне - 4 лицензиялар берілді және қайта рәсімделді.
Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға – 261 аттестат берілді, 43 өтініш иесі аттестатталмады, ал 68 тестілеуге жіберілмеді.