Бүгін Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында "Аула сақшылары" атты киноның түсірілімі жүргізілді. Басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын сыйлығының лауреаты, мықты актер, әнші, арда тұлға Бекжан Тұрыс ойнайды. Ағамыз, біздің Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымына ризашылығын білдіріп жатыр, үлкен рахмет. Ал кішкентай қыздың рөлінде балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған "Аминка витаминка" лақап атымен танылған Амина. Кино балалар жылына орай түсірілуде екен. Талдықорғанның көрікті жерлерінде жүргізіліп жатқан түсірілімді өздеріңіз де байқап жүрген шығарсыздар. Шығармашылық ұжымға сәттілік тілейміз.