Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тарту тыйым салынады

 

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тарту тыйым салынады

     Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір материалдық құндылықтарды сыйға тартуға жол бермеу туралы еске салғымыз келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

        Осы Заң сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізуге бағытталған. Сонымен, бұл шаралардың бірі - мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар, материалдық сыйақылар мен қызметтер көрсетуге толықтай тыйым салу.   Осылайша, қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметкерлерге олардың қызметтік жағдайына байланысты қандай-да бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады.

        Мемлекеттік қызметшіге жасаған сыйлық қандай жаза әкелуі мүмкін?
Мемлекеттік қызметкерлерге 2 АЕК-тен (5 556 теңге) төмен сыйлық бергені үшін:
- жеке тұлға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (555 мың 600 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

- заңды тұлға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2 миллион 083 мың 500 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ал мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алу үшін 600 АЕК (1 миллион 590 мың 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 (пара алу) және 367 (пара беру) баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Заңмен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қойылады.

       Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар анықталған, олар үшін жауаптылығы: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен босату түрінде көзделген.

Ескелді ауданы бойынша МКБ

 

Дата публикации
23 сентября 2022
Дата обновления
23 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы