Меню

Страницы

Статья

Салымшылардың талап етілмеген кепілдікті өтем қаражаты БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына аударылды

Салымшылардың талап етілмеген кепілдікті өтем қаражаты БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына аударылды

 

Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ)  «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етілмеген кепілдікті өтем қаражатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару рәсімі аяқталды. Осылайша аталған банктің 41 134 салымшысына талап етілмеген кепілдікті өтем сомасы аударылды.

Бұл ретте БЖЗҚ дерекқорында 36 279 салымшы бойынша ЕЗЖ есепке алу үшін жаңа ЖЗШ ашылып,  қалған салымшылардың қаражаты ЕЗЖ есепке алу үшін қолданыстағы ЖЗШ-ға аударылды.

Талап етілмеген кепілдік өтем сомасы салымшылардың тізіліміндегі салымшының дербес деректерінен салымшының БЖЗҚ-дағы жеке деректеріне сәйкес келген жағдайда, салымшының жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты болған кезде, сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы салымшыларда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ болған кезде ЕЗЖ есепке алу үшін  БЖЗҚ-ға ауыстырылады.

Салымшыларға (алушыларға) ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ, өйткені, аударылған ЕЗЖ  сомасы БЖЗҚ-ға түскенде автоматты түрде ЖЗШ-ға есепке алынады (олар болған жағдайда). Болмаған жағдайда ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ  Қорға өтінімсіз тәртіпте (яғни, автоматты түрде), оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ-ға кепілдік берілген өтем ақшасы түскенде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға есептелген кепілдік берілген өтемі талап етілмеген ақша басқа зейнетақы активтері сияқты тәртіпте инвестицияланатынын атап өткен жөн.

Қаперде ұстайтын жәйт, БЖЗҚ және электрондық үкімет сайттарында немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені қарап шығу арқылы ҚДКБҚ-дан келіп түскен түсімнің бар-жоғын тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БЖЗҚ-ға ҚДКБҚ-дан сегіз банктің («Қазинвестбанк» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Валют Транзит Банк»" АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ) салымшыларының кепілдік берілген өтемі талап етілмеген қаражаты аударылған болатын.  Осылайша, ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есепке алу үшін талап етілмеген сома 270 849 ЖЗШ-ға аударылды.

Сонымен қатар, салымшы кепілдік берілген өтемді дәлелді себеппен төлеу мерзімін өткізіп алған және оның қаражаты БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда  банкті мәжбүрлеп тарату туралы бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер енгізілген күнге дейін  не ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталғанға дейін, төлемді алуға өтінішті уақытында беруге кедергі болған мән-жайды растайтын құжаттармен бірге  ҚДКБҚ-ға жүгінуі керек. Дәлелді себептерге: салымшының әскери қызметке кірісуі, Қазақстан Республикасынан тыс жерге немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы, салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алумен немесе ашумен байланысты өзге де себептер, сондай-ақ, сот белгілеген басқа да мән-жайлар жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша ҚДКБҚ БЖЗҚ-ға хабарлама жібереді. Ол өз кезегінде ҚДКБҚ-ға кепілдік берілген өтемі талап етілмеген қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

 

Тақырып бойынша бейнематериалдар: https://www.youtube.com/watch?v=-3CYCIZoxDA

 

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы