Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтарды қызықтыратын ең танымал сұраулардың бірі

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдер - Қазақстандықтарды қызықтыратын ең танымал сұраулардың бірі
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бойынша ең танымал сұраулардың бірі – жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды ресімдеу және оны алу жолы. Бұл мәселе, әсіресе, отбасыда бірінші бала дүниеге келгенде өзекті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына осыған байланысты көп сұрақ келіп түседі. Бұл мәселе бойынша көрсетілген қызметтің үлесі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша барлық өтініштің шамамен 20 пайызы болады. Бұл мәселе бойынша өңірлер арасында Алматы (13,7%) көш бастап тұр, ары қарай тізімді Түркістан (11,5%), Маңғыстау (9,7%) және Алматы облысы (9,6%) жалғайды, үздік бестікті Нұр-Сұлтан қаласы (9,2%) бекітеді. Ал Солтүстік Қазақстан (0,7%), Қостанай (2,2%) және Павлодар (2,6%) облыстарынан жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар туралы аз сұрау келіп түскен. Байланыс орталығы мынадай бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер. Қызмет көрсету барысында байланыс орталығының мамандары ҚР ЕХӘҚМ-нің «Е-Макет» және «Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйелерін пайдаланады. Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдап, қызмет көрсетеді. Клиенттерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Telegram, Instagram, Faceboоk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.

Дата публикации
11 августа 2022
Дата обновления
11 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы