Меню

Страницы

Статья

ХҚКО-лығы арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады

ХҚКО-лығы арқылы жылжымайтын мүлікті нотариуссыз қалай тіркеуге болады Жылжымайтын мүлікпен мәмілені жасау кезінде тараптар нотариалдық немесе қарапайым жазбаша түрін таңдай алады. Егер ХҚО арқылы тіркейтін болсаныздар онда операторға келесі құжаттарды ұсыну қажет: -сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз: -мүліктің техникалық паспорты; -мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан); -некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі; -егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша: -сату жөніндегі шешім; -сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі; Есіңізде болсын❗ ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс. Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді. Қызмет құны (тұрғын үй үшін) - 1 202 тг Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді. Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.

Дата публикации
01 августа 2022
Дата обновления
01 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы