Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жерде мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті енгізілді.2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық округ бюджетіне салық түсімдерінің тағы 2 түрі енгізілді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджетке 8 салық және салық төлемдері түседі:1)аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімдеген мәліметтері бар жеке тұлғалардың өз бетінше салық салуға жататын табыстары бойынша жеке табыс салығы:орналасқан жері – дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін;тұрғылықты жері – басқа жеке тұлғалар үшін;2)аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан осы салық салынатын объектілер бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын елді мекендердің жерлеріне жер салығы; 4) бірыңғай жер салығы; 5) тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық;6) орналасқан жері олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық;7) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;8) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте;аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жүру бөлігінде;елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінен тыс ашық кеңістікте.
Ескелді ауданы бойынша МКБ