Меню

Страницы

Статья

Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартуы қажет

Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартуы қажет

 

Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған байланысты, «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын БАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді! Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз.

 Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді.

 «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.

Дата публикации
27 июля 2022
Дата обновления
27 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы