Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-да Ашық есік күні

БЖЗҚ-да Ашық есік күні

 

Халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Әрбір ниет білдіруші онлайн платформаға қосылып, осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?».

Виртуалды кездесудің басты мақсаты – халықтың қаржылық-құқықтық сауатын көтеру. Іс-шара қонақтары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын біліп, инвестициялық портфель құрылымымен және зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен танысады.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсіп, БЖЗҚ есепке алатын зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы –Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен («Jusan Invest» АҚ; «Halyk Global Markets» АҚ; «BCC Invest» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа мәселелер бойынша да кешенді ақпарат беру.

  Ашық есік күнінің 28 маусымда (10:00) онлайн форматта өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы (https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ef7394a88c5eb0bff21332936f62baba5) сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі (2515 283 4881) мен event-жиналыс паролі (28062022) енгізіледі.

 

 

Біз Сіздерді күтеміз!

Дата публикации
24 июня 2022
Дата обновления
24 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы