Меню

Страницы

Статья

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті

            2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жерде мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті енгізілді.2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық округ бюджетіне салық түсімдерінің тағы 2 түрі енгізілді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджетке 8 салық және салық төлемдері түседі:1)аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімдеген мәліметтері бар жеке тұлғалардың өз бетінше салық салуға жататын табыстары бойынша жеке табыс салығы:орналасқан жері – дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін;тұрғылықты жері – басқа жеке тұлғалар үшін;2)аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан осы салық салынатын объектілер бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын елді мекендердің жерлеріне жер салығы; 4) бірыңғай жер салығы; 5) тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық;6) орналасқан жері олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық;7) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;8) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте;аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жүру бөлігінде;елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінен тыс ашық кеңістікте.

Ескелді ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
23 июня 2022
Дата обновления
23 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы