Ескелді ауданы әкімдігі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген 23 маусым- Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау мақсатында, Мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында суреттер байқауын 2022 жылдың 13-16 маусым күндері аралығында өткізіп, әр жас тобына қарай "Менің ата-анам –мемлекеттік қызметші", "Мемлекеттік қызмет-бала көзімен" конкурс белгісімен суреттер жинақталды. Қазылар алқасымен әр жас тобы бойынша ең үздік деген екі жұмыс таңдалды. Олар: Қаратал ауылдық округі әкімі Серик Муратұлы Алимбаевтың 6 жастағы ұлы Мұрат Даниал Серікұлының, Ескелді ауданы мәслихатының бас маманы Каликанова Айнагуль Каликанқызының 13 жастағы ұлы Қожахмет Ералының жұмыстары. Облыстық деңгейде өтетін конкурсқа жоғарыда аталған суреттер жолданды.