Меню

Страницы

Статья

«Еңбек Жолы» конкурсы

Еңбек жолы конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтініштер қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

 

Ескелдi аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасын мерекелеу қарсаңында республика бойынша «Еңбек жолы» конкурсы жарияланып, үміткерлерден өтініштер қабылдау басталуын хабарлайды. Конкурсқа еңбек әулеттері мен әр саланың жұмыскерлері мен қызметкерлері қатысады.

«Еңбек Жолы» конкурсы - жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Еңбек – елдің мұраты» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурсқа барлық жұмыскерлер қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

  1. «Үздік еңбек әулеті»
  2. «Өңдірістің үздік жас маманы»
  3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-2 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

-мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

-біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Осыған байланысты, әр номинация бойынша қатысушылар жайлы материалдарды бейнероликтерімен бірге, 2022 жылдың  1 шілдеге  дейін  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  қағаз және  электронды нұсқада, eskeldy_sobes @mail.ru электрондық мекен-жайға жолдауларыңызға болады.

Дата публикации
07 июня 2022
Дата обновления
07 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы