Меню

Страницы

Статья

Маусым-шілде айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді

Маусым-шілде айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен, сапар алдында бірнеше маңызды нәрсені есте ұстаған жөн.
Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да рәсімделеді. 12 жасқа толмаған балалар үшін құжат әр бес жыл сайын беріледі.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет.
МАҢЫЗДЫ: Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
- Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
- Ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
- Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады;
- Баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар паспортты тегін алады.
Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.

Дата публикации
02 июня 2022
Дата обновления
02 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы