Назар аударыңыз! Өрт қауіпті кезең...
Жыл сайын көктемнің келуімен өрт жағдайы күрделене түседі. Әдетте, осы кезеңде құрғақ шөптер мен қоқыстарды рұқсатсыз жағу орын алады, бұл орман өрттерінің пайда болуына және шаруашылық құрылыстары мен азаматтардың тұрғын үйлерінің жануына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Ескелді ауданының ТЖБ қызметкерлері, Ескелді ауданының ауылдық округтеріне барды, ауылдардың өрт қауіпті кезеңге дайындығын бағалау мақсатында өртке қарсы ерікті құрамалардың байқауы, сондай-ақ орман және дала өрттерін сөндіруге қатысатын құрал-саймандар мен техниканың жарамдылығы мен жинақталуы өткізілді.
Өрттің негізгі себебі көп жағдайда адамның бұрыс әрекеті болып табылады. Халықпен, агроқұрылымдардың басшыларымен жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы профилактикалық жұмыс күшейтілетін болады. Орманшылықтар мен демалыс орындарының тексерілуі өтеді. Өрттің туындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білу және сақтау қажет:
- учаскені және оған іргелес аумақты жанғыш қалдықтардан, түскен жапырақтар мен шөптерден уақтылы тазартыңыз;
- қоқыстарды жақын орналасқан қосалқы құрылыстардың жанында жақпаңыздар;
- жеке үйлер мен бау-бақша учаскелеріне апаратын көшелердің өтуіне тосқауыл қоймаңыз, себебі бұл өрт сөндіру автомобильдерінің өтуіне кедергі келтіреді;
- электр желілерін, электр тұрмыстық, газ аспаптарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтаңыз;
- ашық отты пайдаланған кезде абай болыңыз: шамдар, керосин және дәнекерлеу шамдары, оларды қараусыз қалдырмаңыз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
Әрбір тұрғын үйде және бақша учаскесінде отты сөндіруге арналған құралдар мен өртке қарсы мүкәммал: суы бар ыдыс (бөшке) немесе өрт сөндіргіш, киіз, шелек, күрек және қосалқы саты болуы қажет.
Егер сіз өрттің алдын ала алмасаңыз:
- дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз!
- диспетчерге өрттің орны, оның себебі және адамдар үшін ықтимал қауіп-қатер туралы нақты ақпаратты хабарлаңыз.
- әрі қарай нақтылау үшін өз атыңызды, телефон нөміріңізді атаңыз.
- өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін отты сөндіру үшін барлық қолжетімді тәсілдерді (құм, су, жамылғы, киім, өрт сөндіргіштер және т. б.) пайдалана отырып, өртке тез ден қою қажет.)
Ескелді ауданы ТЖБ
тушения огня (песок, вода, покрывала, одежда, огнетушители и т. д.)
ОЧС Ескельдинского района