Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

 

25.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң қабылданды.

Аталған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыруға бағытталған.

Заңда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарламалық және регламенттелген тәртібі көзделген.

Бірінші жағдайда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастырушы өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей олардың өткізілетіні туралы жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ету көзделген, ал демонстрация мен шеру өткізу үшін іс-шараны ұйымдастырушы өтініштер өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды жіберуге тиіс.

 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу зорлық-зомбылықсыз сипаттағы, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстарды өткізу пайдасына презумпция, тараптардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделуі тиіс.

Соңғы жылдары интернет кеңістігінде азаматтарды хабарламалар мен бейнероликтерді тарату арқылы заңсыз акцияларға қатысуға шақыру жиілеп, азаматтарды заңды бұзуға итермелейтіні құпия емес.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы заңдарды бұзу, оны  ұйымдастырушылардың және қатысушылардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 488 - бабымен әкімшілік жауапкершілікке және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 400 - бабымен қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.

​         Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы қолданыстағы, соның ішінде Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

 

Алматы  облысының прокуратурасы

Дата публикации
27 апреля 2022
Дата обновления
27 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы