ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
2022 жылғы 1 сәуір мен 16 мамырға дейінгі кезеңде интервьюерлер Сіздің үйіңізге барған кезде сауалнама әдісімен жүргізілетін «Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеу жүргізу жоспарланғанын хабарлаймыз. . Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады.
Сізге интервьюердің сұрақтарына жауап беру туралы өтінішпен жүгінеміз. Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы Сіздің пікіріңіз, өз қауіпсіздігіңізді қабылдау және аудандағы қылмыс жағдайы құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет.
Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз!
ҚР "Мемлекеттік статистика туралы" Заңына сәйкес Сізден алынған ақпарат қатаң құпия болып, тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатынына кепілдік береді.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі және құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша мемлекет саясатының тиімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.
Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Телефондар______________ ____________________
Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!
Құқық қорғау органдарының Call орталықтары!
(Қазақстан бойынша қоңрау шалу тегін)
Органы прокуратуры – 115
Полиция органдары – 1402
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 1424
Қаржылық мониторинг агенттігі
(экономикалық жəне қаржылық қылмыстар,
«көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстар) – 1458