Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2021 жылғы шілде айындағы атқарылған жұмысы туралы
Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 2021 жылғы маусымда комиссия мүшелерінің қатысуымен "ZOOM" арқылы 3 отырыс өткізді. Жоспарға сәйкес 4 мәселе қаралды:
Бос уақытында 14 жастан 18 жасқа дейінгі "ерекше назар аударатын топтың" кәмелетке толмағандарын жұмысқа орналастыру жасөспірімдер қылмысының алдын алу шараларының бірі ретінде. Жасөспірімнің еңбекке және еңбекті қорғауға құқығын сақтау
Полиция басқармасында есепте тұрған кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының профилактикасы жүйесі органдары мен мекемелерінің кәмелетке толмағандарды сабақтан тыс жұмыспен (оның ішінде каникул уақытында, жазғы кезеңде) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы
Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ММ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй қою және бөлу жөніндегі жұмысы туралы
Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жөніндегі жұмыс туралы.
9 материал қаралып, олар бойынша келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:
"әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 127 - бабы бойынша ата-аналарға қатысты ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жазалау шараларын қолдану-1
кәмелетке толмаған баланы мектепішілік есепке қою-3
"Қазақстандағы Бала құқықтары туралы" ҚР Заңының 24-бабының ата-ана міндеттері туралы талаптарын орындау-1
кәмелетке толмағанның, сондай – ақ заңды өкілдердің келмей қалуына байланысты материалды қарауды ауыстыру-3
жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді қарау-1