Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау – азаматтардың құқықтарын қорғау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау

– азаматтардың құқықтарын қорғау

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Департамент өз құзреті шеңберінде заң бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтауына бақылау жүргізеді.

Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Департамент тұрақты түрде бақылау іс-шараларын жүргізеді. Бақылау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес көрсетілуі, өтініштердің уақытылы тіркелуі, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігі тексеріледі.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу, өтініштерді уақытылы тіркемеу және қабылданған шешімдерді тиісті деңгейде негіздемеу фактілері анықталды.

Бұл ретте Департаменттің бақылау қызметі тек заң бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, ең алдымен, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған. Мәселен, ағымдағы жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша Департамент қабылдаған шараларының нәтижесінде 90-нан астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, «Жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оған арналған патрондарды сатып алуға рұқсат беру» және «Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету кезінде өтініштердің тіркелмеген фактілері анықталды. Департаменттің араласуынан кейін тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер азаматтарға толық көлемде көрсетілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ішкі бақылауды күшейтуге, белгіленген мерзімдерді сақтауға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар жолданды.

Департамент заң бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде құқықтары бұзылған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне мына мекенжай бойынша жүгіне алады: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 75.

Дата публикации
23 сентября 2026
Дата обновления
23 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы