Меню

Страницы

Статья

Коллизияны анықтаудан — заңнаманы жетілдіруге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру

Коллизияны анықтаудан — заңнаманы жетілдіруге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру

Заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыста құқықтық қайшылықтарды уақтылы анықтау және оларды кейіннен жою ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады.

Анықталған мәселелердің бірі «Транзиттік декларацияны қабылдау» мемлекеттік қызметінің ақылы көрсетілуіне қатысты болды. Қағидаларға сәйкес аталған қызмет тегін негізде көрсетілуі тиіс болған. Ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 «Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулысында транзиттік декларацияны пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау үшін 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кедендік алым белгіленген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдеріне қатысты да қайшылық анықталды. Қағидаларда белгіленген мерзім салық заңнамасында көзделген мерзімге сәйкес келмеген.

Анықталған сәйкессіздіктер оларды жою және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру жөніндегі ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органның назарына жолданды.

         Жүргізілген жұмыстың және Департамент енгізген ұсыныстардың нәтижесінде № 665 Қағидаға тиісті өзгерістер енгізілді.

         Аталған нәтиженің тек нормативтік емес, сонымен қатар практикалық маңызы да зор. Анықталған қайшылықтарды жою заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етіп, азаматтар мен бизнес үшін құқықтық айқындықты арттырады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың неғұрлым түсінікті әрі ашық жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.

         Осылайша, Департаменттің заңнаманы талдау жөніндегі жұмысы мемлекеттік реттеуді жетілдірудің нақты құралына айналуда. Проблемалық нормаларды анықтау, оларға құқықтық баға беру және ұсыныстарды кейіннен іске асыру қолданыстағы сәйкессіздіктерді уақтылы жоюға ғана емес, жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

         Мұндай ұсыныстардың іс жүзінде іске асырылуы заңнамаға тұрақты түрде мониторинг жүргізу және оны одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңыздылығын көрсетеді. Дәл осындай тәсіл нормативтік базаның қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етіп, азаматтар мен бизнестің мүдделеріне бағдарланған мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
30 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы