Меню

Страницы

Статья

Қазақстан цифрлық мемлекеттің келесі буынына көшуде Бүгінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингінде 24-орында тұр. eGov жүйесі құрылды, жаппай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің едәуір бөлігі онлайн режимде қолжетімді, мобильді формат белсенді дамып келеді

Қазақстан цифрлық мемлекеттің келесі буынына көшуде Бүгінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингінде 24-орында тұр. eGov жүйесі құрылды, жаппай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің едәуір бөлігі онлайн режимде қолжетімді, мобильді формат белсенді дамып келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы белгілеген жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізу бағыты цифрлық дамудың келесі заңды кезеңіне айналып отыр. Осыған байланысты бүгінгі Үкімет отырысында мәселе жекелеген электрондық сервистерді дамыту шеңберінде ғана емес, жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтер экожүйесін қалыптастыру тұрғысынан кеңірек қаралды. Оның жекелеген элементтері қазірдің өзінде қалыптасып келеді: QazTech бірыңғай технологиялық негізді қалыптастырады, eGov 3.0 мемлекеттік қызметтердің өзін жеңілдетеді, eGov GPT азаматтардың мемлекетпен өзара байланыс жасау тәсілін өзгертеді, AI-кеңселер ХҚКО жұмысын трансформациялайды, ал eGov Business кәсіпкерлерге арналған сервистерді біріктіреді. Ендігі басты тиімділік критерийі — әзірленген ақпараттық жүйелердің немесе тіпті онлайн режимге көшірілген қызметтердің саны емес. Цифрлық мемлекеттің тиімділігі азаматтар мен бизнеске үнемделген уақытпен өлшенуге тиіс. Мемлекеттік қызметті алу үшін қаншалықты аз өтініш, анықтама, кезек, қолмен келісу және артық әрекет қажет болса, цифрлық трансформация соғұрлым нәтижелі жүзеге асырылды деген сөз.
Дата публикации
11 августа 2026
Дата обновления
11 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы