2026 жылғы 11 тамызда Ескелді ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қатысуымен ведомствоаралық мониторингтік топ Бақтыбай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мониторингтік іс-шаралар жүргізді.
Мониторинг ғимараттың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайын зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.