30 шілде күні Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті.
Акция барысында аудан бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға 312 адам және 24 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5 тонна қоқыс шығарылды. Оның ішінде санитарлық тазалау барысында жиналған тұрмыстық қалдықтар, қураған шөптер мен кесілген ағаш қалдықтары шығарылды.