2026 жылғы 06 тамыз күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылдық округіне қарасты Ақын Сара ауылында ведомствоаралық мобильді топпен кезекті рейдтік бақылау іс-шарасы өткізілді.
Рейд барысында тұрғындар мен шағын кәсіпкерлік өкілдеріне аумақтарды абаттандыру ережелерін сақтау, санитариялық тазалық талаптарын орындау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес жеке тұлғаға және шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты №263336030005993 және №263336030005994 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Аталған құқық бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шарасы ретінде ескерту түріндегі жаза қолданылды.