2026 жылғы 24 шілде күні«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылдық округі, Өтенай ауылында ведомствоаралық мобильді топ мүшелерімен рейдтік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын кәсіп иелеріне абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.