2026 жылғы 24 шілде күні«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылдық округі, Елтай ауылында ведомствоаралық мобильді топ мүшелерімен рейдтік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын кәсіп иелеріне абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған сәйкес, жүргізілген рейдтік іс-шараның нәтижесінде жеке тұлғаға және шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес №263336030005668, №263336030005669 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.