2026 жылғы 24 шілде күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Ескелді ауданының Бақтыбай ауылдық округі, Бақтыбай ауылында ведомствоаралық мобильді топтың қатысуымен рейдтік тексеру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне абаттандыру нормаларын сақтау, аумақтардың санитариялық тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық орындарды күтіп ұстау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес анықталған құқық бұзушылықтар бойынша №263336030005663, №263336030005664 және №263336030005665 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Құқық бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шарасы ретінде ескерту түріндегі жаза қолданылды.