2026 жылғы 16 шілде күні «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру және «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету аясында Ескелді ауданының Алдаберген ауылында ведомствоаралық мобильді топ мүшелерімен рейдтік бақылау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара кезінде жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне абаттандыру нормаларын сақтау, елді мекен аумағын таза ұстау, сондай-ақ қоғамдық орындарда тазалық талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 1 жеке тұлғаға және 1 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Құқық бұзушыларға әкімшілік жаза ретінде ескерту түріндегі шара қолданылды.