2026 жылғы 09 шілде күні«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылдық округі, Биғаш ауылында ведомствоаралық мобильді топ мүшелерімен рейдтік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған сәйкес, жүргізілген рейдтік іс-шараның нәтижесінде жеке тұлғаға және шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.