2026 жылғы 02 шілде күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданының Қайнарлы ауылында ведомствоаралық мобильді топтың қатысуымен рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне абаттандыру қағидаларын сақтау, елді мекен аумағының тазалығын қамтамасыз ету және қоғамдық орындарда санитариялық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 3 жеке тұлғаға және 1 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты №263336030005136, №263336030004988, №263336030005406 және №263336030004714 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Құқық бұзушыларға әкімшілік жаза ретінде ескерту түріндегі шара қолданылды.