2026 жылғы 01 шілде күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданы, Көкжазықауылында ведомствоаралық мобильді топ мүшелерімен рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған сәйкес, жүргізілген рейдтік іс-шараның нәтижесінде 2 жеке тұлғаға және 1 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес №263336030005127, №263336030005128, №263336030005129 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.