Меню

Страницы

Статья

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бойынша

қабылданып жатқан шаралар

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау болып табылады, өйткені бұл сала азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей әсер етеді.

Мемлекеттік бақылау шеңберінде Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде негізсіз бас тартуларға, өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталмауына және қабылданған шешімдердің жеткілікті негізделмеуіне байланысты заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталуда.

Ағымдағы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша қабылданған шараларының нәтижесінде 125-тен астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жер учаскесіне құқықтар беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» және «Медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша қызмет алушылардың өтінімдеріне белгіленген мерзімде жауап бермеу және жауаптардың мерзімін бұза отырып беру  фактілері орын алған.

Департаменттің араласуынан кейін мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты барлық өтінімдер қаралып, азаматтарға тиісті жауаптар берілді.

Осындай бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу мақсатында, мемлекеттік органдарға ішкі бақылауды күшейту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар енгізілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне (мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы 75,  байланыс телефоны 8 (7282) 24-11- 91) жүгінуге болады.

Дата публикации
23 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы