«Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жылдық қорытынды есепті жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
2026 жылғы 10 маусым сағат 11:00-де Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбекова №67 мекен-жайында (2 қабат, 33 кабинет) «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жылдық қорытынды есепті жария талқылау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді.
Анонс 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жылдық қорытынды есепті жария талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі.
Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8(72836)30916, 87476002593 Жайнақова Салтанат Бурабайқызы.
2025 жыл қорытындысы бойынша «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
АҚПАРАТ
«Дипломмен ауылға» жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Жоба аясында ауылдық жерлерге енген немесе бұрыннан тұрып келе жатқан мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдетілген кредиттер беру және көтерме жәрдемақы төлеу көзделген. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық жерлерде кәсіби қызмет көрсететін азаматтарды қолдау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мемлекеттік қолдауды алу процесін жеңілдету. Өтінімдер otbasybank.kz порталында онлайн режимде қабылданады, ал қызмет көрсету мен қолдауды жеделдету үшін жоба цифрлық форматта іске асырылуда.
2025 жыл ішінде 50 маманға көтерме жәрдемақы беру жоспарланып, 50 маманға жалпы сома 19660,0 мың теңге көлемінде төленді, 88 маман жәрдемақы алуға өтінім беріп, қазіргі уақытта кезекте тұр. Желтоқсан айында 31 маманға жалпы сома 283 104,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит төленді, кезекте тұрған мамандар саны 74. Көтерме жәрдемақы бойынша 38 өтінім және бюджеттік кредит бойынша 31 өтінім дәлелді бас тартумен қайтарылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд (заң, стандарттар, өтініш үлгілері, шағымдар журналы) орналастырылған.
Қызмет бекітілген стандарт пен қағидаларға сәйкес 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.
Тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылы аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінде наурыз, қыркүйек және қазан, желтоқсан айларында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мақалалар жарияланды. Әлеуметтік парақшаларда бағдарлама бойынша мақалалар тұрақты түрде жарияланады. Ағымдағы жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы мәселелері бойынша бөлім тарапынан жеке қабылдауға 31 азаматты қабылданып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында 2026 жылы түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.
2025 жыл ішінде «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не шағымдар түскен жоқ.