Үйде сынапты термометр (градусник) сынса не істеу керек?
Жетісу облысы ТЖ департаменті ескертеді: сынап – өте улы зат, ал негізгі қауіп оның буларын тыныс алу арқылы ағзаға қауіп туындайды.
Қазіргі уақытта дәріханаларда электронды термометрлер бар, бірақ көптеген адамдар әлі де сынапты шыны термометрлерді қолданады.
Егер градусник сынып қалса:
Сынапты шаңсорғышпен жинауға болмайды. Шаңсорғыш оны қыздырып, булануды күшейтеді және сынап бөлшектері оның ішінде қалып, кейін қайта таралуы мүмкін.
Қауіпсіз жинау үшін:
Барлық адамдарды бөлмеден шығарыңыз;
Есікті жауып, терезені толық ашыңыз;
Тазалауды бастамас бұрын латекс, резеңке немесе нитрил қолғап киіңіз;
Сынапты ағаш еденнен, линолеумнан, кафельден жинау оңай, ал кілемге немесе пердеге түссе – оларды лақтырып тастаған жөн.
Сынап буымен улану белгілері:
жөтел;
тамақ ауруы;
тыныс алудың қиындауы;
кеуде ауыруы;
құсу;
бас ауруы.
Сынап теріге тисе (әсіресе жара болса), улану қаупі жоғары. Мұндай жағдайда теріні сабынмен жуып, таза ауаға шығу керек.
Тазалап болғаннан кейін қосымша нұсқаулық алу үшін 112 нөміріне хабарласу қажет.
Мақта-дәке таңғышын өзіңіз қалай жасауға болады?
Дәріханалық маскалардан айырмашылығы – бұл таңғыш көп рет қолдануға болады. Ол тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралы.
Дайындау тәсілі:
90×50 см өлшемдегі дәке алыңыз;
Ортасына 20×20 см, қалыңдығы 1–2 см мақта салыңыз;
Дәкені екі жағынан бүктеп, мақтаны жабыңыз;
Ұзын шеттерін 25–30 см етіп кесіп, байлау үшін қалдырыңыз;
Қажет болса, шеттерін тігуге болады.
Дайын таңғыш:
Иек, ауыз және мұрынды толық жабуы тиіс;
Төменгі баулары төбеге, жоғарғылары желкеге байланады.
Бинттен жасау тәсілі:
Ені 14 см бинт алыңыз;
Шамамен 60 см бөлігін өлшеңіз;
14×14 см мақтаны басына қойыңыз;
Бинтті 3–4 қабат етіп ораңыз;
80 см бинттен баулар жасап, жоғары және төмен жағынан бекітіңіз;
Соңында тігіп, толық таңғышқа айналдырыңыз.
Бұл тәсілмен жасалған таңғыш әдемірек болады, бірақ әрдайым тігу мүмкін бола бермейді.