Меню

Страницы

Статья

  Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек?

 

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек?

Сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын әрбір адам ықтимал жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін алдын ала ойластырып, саналы түрде жоспарлауы тиіс. Барлығы алдын ала жоспарланса (үйде, жұмыста, көшеде, көлікте және т.б.), сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету мүмкіндігі артады:

  1. Қауіпсіз орындарды анықтаңыз:

көшеде халықтың (отбасының) жиналу орнын;

ғимараттан шығу жолдарын (жер сілкінісі түнде болуы мүмкін, есіктер мен дәліздерде адамдар көп жиналып қалуы ықтимал, есіктер кептеліп қалуы мүмкін екенін ескеріңіз);

пәтердегі қауіпсіз орындарды (негізгі қабырғалардың ішкі бұрыштары, есік ойықтары, үстелдер, кереуеттер).

  1. Отбасы мүшелерін қауіпсіз орындарға дұрыс орналасуға үйретіңіз.
  2. Құлап кетуі мүмкін кітап сөрелері мен басқа да ауыр жиһаздарды қабырғаға бекітіңіз (ауыр заттарды шкафтар мен сөрелердің үстіне қоймаңыз).
  3. Кереует терезеден, айнадан және құлап немесе сынуы мүмкін ауыр заттардан алыс орналастырылуы тиіс.
  4. Газды, электр қуатын және суды қалай өшіру керектігін өзіңіз біліп, отбасы мүшелеріне үйретіңіз.
  5. «Дабыл сөмкесін» дайындаңыз (құжаттар, су, азық-түлік, дәрі қобдишасы, шам, ысқырық, гигиеналық құралдар, қосымша киім және т.б.). Алғашқы медициналық көмек қобдишасын дайындап, оны қолдану тәсілдерін меңгеріңіз (егер үнемі дәрі қабылдайтын болсаңыз, қажетті дәрілердің қорын жасаңыз).
  6. Үйдің жағдайын тексеріп, нығайту шараларын анықтаңыз.
  7. Жергілікті органдардың жер сілкінісіне дайындық шараларын қолдаңыз (оқыту, жаттығу, ескі ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына қатысу).
  8. ТЖ қызметтерінің телефон нөмірлерін есте сақтаңыз: 112, 101; полиция – 102; жедел жәрдем – 103.

Осы ұсыныстарды сақтау жер сілкінісінің салдарын азайтуға және өзіңізге әрі өзгелерге көбірек көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

---

 

Дата публикации
24 апреля 2026
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы