Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады

Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады
Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді көшпелі форматта алу мүмкіндігі қарастырылған, бұл қызметтерді үйден шықпай рәсімдеуге болады.
2025 жылы 719 қызмет үйге барып көрсетілсе, 2026 жылдың басынан бері 128 қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиалы хабарлады.
Бұл ретте ХҚКО маманы көрсетілген мекенжайға барып, құжаттарды қабылдап, қызметтерді сол жерде көрсетеді. Бұл орталыққа бармай-ақ қажетті қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
Бұл форматта 40-тан астам мемлекеттік қызмет қолжетімді. Олардың қатарында паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, мүгедектік және күтім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау, мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ АХАТ бөлімінің қызметтері бар.
Қызметті пайдалану үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сайтында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бөлімде өтінім қалдыра алады немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Осыдан кейін маман қызмет алушымен байланысып, мәліметтерді нақтылап, шығу уақытын келіседі.
Айта кетейік, бұл сервис I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ ХҚКО-ға өздігінен баруы қиын жағдайларда арналған.
Сонымен қатар, міндетті түрде жеке қатысуды талап ететін кейбір қызметтер көшпелі форматта көрсетілмейді. Олардың қатарына жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын тіркеу жатады.
«Барлық азаматтар санаты үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта біз қызмет көрсетуде көшпелі форматын да, цифрлық шешімдерді де дамытып келеміз», – деп атап өтті филиал директоры А. Омаров.
Бұдан бөлек, өңірдегі ХҚКО-лар пандустармен, шақыру батырмаларымен, тактильді жолақтармен және Брайль жазуы бар тақтайшалармен жабдықталған. Фронт-офистерде арнайы жеңілдік терезелері жұмыс істейді.

Дата публикации
07 апреля 2026
Дата обновления
07 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы