Меню

Страницы

Статья

ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ басқаруына беру тәртібі:

ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ басқаруына беру тәртібі:

Егер салымшы зейнетақы жинақтарын ИПБ-дан ҚРҰБ-ға қайтару туралы шешім қабылдаса, онда ол «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған өтінішін өзі келіп немесе Қордың интернет-ресурсы арқылы береді. Салымшы зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтаруға өтініш берген жағдайда Қор қаражатты осы өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде аударады.

 

Кейбір жағдайларда зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтару автоматты түрде жүргізіледі (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтаруға өтініш берудің міндетті шарты болмаса):

  • 10 жұмыс күні ішінде – зейнет жасына толғанға дейін;
  • БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін (жерлеуге, мұрагерлерге) тағайындау туралы өтініш не заңды күшіне енген сот шешімі келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінде[1] көзделген өзге де жағдайларда, мысалы: мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардан төлемге өтініш келіп түскен кезде; Қазақстаннан тысқары жерлерге тұрғылықты тұратын жеріне кеткен адамдардан белгіленген құжаттар топтамасы және өтініш түскен кезде, т. б.
  • егер салымшы зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру құқығын пайдаланбаса, ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

 

Қор ИПБ-ны салымшының қайтыс болуына, заңды күшіне енген сот шешіміне және заңнамада көзделген өзге де негіздерге байланысты жағдайларды қоспағанда, зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей активтердің сенімгерлік басқаруға берілетіні туралы хабардар етеді[2].  

 

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын қайтару туралы тиісті өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинағын қайтарудан мынадай жағдайларда бас тартуға құқылы:

  • салымшының жеке басын куәландыратын құжат өтініш берілген күні жарамсыз болып қалса;

өтініш зейнетақы активтерін ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруынан ИПБ-ның басқаруына бастапқы берілген уақыттан кейін бір жылдан ерте берілді (зейнеткерлік жасқа толуына, салымшының қайтыс болуына, заңды күшіне енген сот шешіміне, ИПБ-мен сенімгерлік басқару туралы шарттың бұзылуына және заңнамада көзделген өзге де негіздерге байланысты жағдайларды қоспағанда[3]).

 

Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ басқаруына қайтару өтініште көрсетілген сома шегінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан салымшының зейнетақы жинақтарын қайтару туралы төлем тапсырмасын алғаннан кейін ИПБ-ның кастодиан-банкі бір операциялық күн ішінде салымшының зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тағы БЖЗҚ шотына аударады.

 

[1] Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда;

[2] Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда;

[3] Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда;

 

Дата публикации
03 марта 2026
Дата обновления
03 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы