Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Жетісу облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиалы электрондық кезек талонын алдын ала брондау жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Қаратал мен Кербұлақ аудандарының халыққа қызмет көрсету бөліміндерінде іске қосылады.

Жаңа қызмет азаматтарға бару күнін және уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондау жасалғаннан кейін өтініш берушіге растау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы қызметтер бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Айта кетейік, ерекше жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған кезде қарт адамдарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар, сондай-ақ шетел азаматтарына арналған бір жұмыс орны қарастырылған.

Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет екенін еске саламыз (қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).

Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда функционалды кеңейту алдында тиісті жетілдірулер енгізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық режим аясында алдын ала брондау жүйесінің сұранысы мен тиімділігіне талдау жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша қызметті одан әрі енгізу және функционалын кеңейту жөнінде шешім қабылданады.

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы