Меню

Страницы

Статья

174 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.  

174 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  тапсырмасына сәйкес, Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаментімен мемлекеттік органдардың қызметшілеріне еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыйақы алу кезіндегі құқықтарының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларына сәйкес, iссапарда жүрген мемлекеттік қызметшілерге тәулiкақы, тұрғын үй-жайды жалдау және жол жүру шығыстары өтеледі.

Бұл ретте, Департаментпен жүргізілген талдау барысында кейбір жергілікті атқарушы органдарымен 174 мемлекеттік қызметшіге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарының өтелуі толық көлемде жүргізілмегендігі анықталды.

Нәтижесінде мемлекеттік органдарға жоғарыда орын алған бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметшілердің қызметтiк iссапарларда болу кезеңіндегі тиісті шығыстарының өтелуін қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен енгізілген ұсынымдардың негізінде 174 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 850000-ға жуық теңге көлемінде іссапар шығындары төленді.

Жоғарыда аталған заңбұзушылықтарды алдағы уақытта алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қарастырылып, мемлекеттік органдарға тиісті іс - шаралар қабылдай отырып, басшы тарапынан қатаң бақылауға алу қажеттілігі туралы ұсынымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің

                                                                       басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің

                                                                       төрағасы - Қ. Манап

 

 

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
25 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы