Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз     

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»:

ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз     

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылғы 4 желтоқсан күні онлайн форматта дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді.

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылдың 9 айында Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 781 мыңнан астам адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 395 мыңнан астам өтініш өңделді.

 Салымшылар мен алушылардың талқысына жиі түсетін ең маңызды тақырыптарды таңдап алған Қор мамандары сұрақ-жауап сессиясын өткізуді ұйғарды. 4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.

          Кездесу интерактивті онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.  

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. 

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb1507a42e39294f641404363c14f95fd ).

Еvent-мәжіліс нөмірі: (2512 006 6967)

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: (0000)    

Дата публикации
02 декабря 2025
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы