Меню

Страницы

Статья

Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті.

Ең көп сұраныс жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде байқалады.

Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста 77 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген. Сондай-ақ, 62 мыңнан астам көлік тіркеліп, тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңбаны 49 мыңнан астам рет алған.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету бөлімдері, «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

Сондай-ақ, облыс тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа ақылы сервисті пайдалана алады. Маман көрсетілген мекенжайға келісілген уақытта келеді. Бұл қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «Жеке менеджерді үйге шақыру» тармағын таңдап, қажетті ақпаратты толтыру қажет. Өтініштерді 1414 телефоны арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мәліметтерді растау және баруды жоспарлау үшін көрсетілетін қызметті алушымен байланысады.
ХҚК бөлімдерінің қызметкерлері төлқұжаттарды, жеке куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және көлікті тіркеуден басқа барлық мемлекеттік қызметтерді көрсете алатынын атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 9 айында Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы арқылы барлығы 368 179 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Дата публикации
08 октября 2025
Дата обновления
08 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылодың 22 қазан айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары өткізді.
Ақпарат
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Ескелді ауданының әкімдігі
Ескелді Ауданы
Ескелді ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы